Осы айда Украина Ресейдегі 10 мұнай өңдеу зауытына соққы жасап, елдің кемінде 17% мұнай өңдеу қуаты (тәулігіне 1,1 млн баррель) тоқтап қалды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Reuters агенттігінің жазуынша, Ресей Батыс порттары арқылы шикі мұнай экспорттау жоспарын қайта қарастырып жатыр.
Тамыз айында экспорт жоспары тәулігіне 200 мың баррельге қысқартылды, деп мәлімдеді жағдаймен таныс үш дереккөз. Алайда шабуылдардың жалғасуы мен жөндеу жұмыстарының мерзімінің өзгеруіне байланысты экспортты жоспарлау әлі де белгісіз.
Ресейлік мұнай жеткізушілер қыркүйек айына арналған түпкілікті тасымалдау жоспарларын әлі алған жоқ. Бір дереккөздің айтуынша, «Дружба» мұнай құбыры мен Усть-Луга бағытының зақымдануы экспорт көлемін тәулігіне 500 мың баррельге дейін азайтуы мүмкін.