Лукашенко Путин мен Си Цзиньпинге қаппен картоп апармақ

29 тамыз, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей президенті Владимир Путин мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге арнап картоп жинады, деп хабарлайды Arasha.kz

Ол осындай «қапшықтағы» сыйлықтарды Қытайда өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитіне апармақ.

Тиісті видеоны «Пул Первого» Telegram-арнасы жариялады.

«Путин, ол маған айтып тұрады: «Өзінің белорус картобыңнан берші… енді мен оған жаңа жиналған картоп апарамын. Си Цзиньпинге де әдемілеп қапшықтарға салып беремін», – деді Лукашенко .

Тэгтер:

Путин Си Цзиньпин лукашенко саммит ШЫҰ