Аудандық мәслихат депутаты дизель отынын ірі көлемде ұрлады деген күдікке ілінді

31 тамыз, 2025 / Қайсар Қалам
Ашық дереккөзден

Аягөз локомотив депосында жалпы сомасы 130 млн теңгеден астам дизель отынын ұрлау дерегі анықталды. Тексеру нәтижелері мен «ҚТЖ» АҚ-ның Абай облысы бойынша ЭДБ-ға жүгінуі негізінде қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Күдікті ретінде «Amanat» партиясынан Аягөз аудандық мәслихатының депутаты, ҚТЖ-ның жергілікті депо бастығы Алмас Жанатқалиев танылды.

Тергеу барысында жалған жұмысқа орналастыру фактілері де әшкереленді: кейбір адамдар штатта тіркелгенімен, нақты міндетін атқармай еңбекақы алып отырған. Бұл кәсіпорынға қосымша шығын келтірген.

Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жабылды.