Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

31 тамыз, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ПД

Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам көз жұмып, тағы үшеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Атамекен – Ақтоғай – Ресейдің Русская Поляна» автожолында Chevrolet автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып қалды. Жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді Павлодар облыстық полиция департаменті.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.
 

Тэгтер:

Павлодар жол көлік апаты