Жамбыл облысы полициясының бастығы отставкаға рапорт берді

31 тамыз, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ПД

Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев отставкаға рапорт тапсырған. Құжат қазіргі уақытта ішкі істер министрінде, соңғы шешімді ол қабылдайды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл отставка облыстық полициядағы үш бірдей даулы қамаудан кейін болды. Бұған дейін Жамбыл облысы ДП бастығының кадрлық жұмыстарға жауапты орынбасары Жайдарбек Құттыбаевтың ұсталғаны хабарланған еді.
 

Тэгтер:

полиция отставка Жамбыл облысы Бақытжан Малыбаев