Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген көптен күткен жетістігін әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ол Каспий теңізінде 5 шақырым қашықтықты жүзіп өткенін айтты.
"Ал енді құттықтасаңыздар болады! Дина қыздарыңыз Каспийде 5 км жүзіп өтті. Шынымды айтсам, оңай болған жоқ. Көл болса да, Теңіз дейтініміз бекер емес екен… Бірақ ол туралы ертең айтамын. Ал бүгін – өзіме алғыс айтып үйренуім керек. Бастысы, адамның мүмкіндігі шексіз екеніне тағы көзім жеткіздім", – деп жазды ол.