17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы АҚШ-та өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы «Үлкен дулыға» турнирінің екінші айналымында жеңіске жетті.
Біздің спортшы әлемнің 13-ракеткасы, польшалық Алан Важныны екі сетте — 6:4, 6:4 есебімен ұтты.
Айта кетейік, қарсыластардың рейтингтерінде айтарлықтай айырмашылық бар: Нұрланұлы 54-орында тұр, ал Важный одан 41 саты жоғары орналасқан.
Үшінші айналымда қазақстандық теннисші Финляндия өкілі, жасөспірімдер арасында әлемнің 8-ракеткасы саналатын Оскари Палданиуспен кездеседі.