ШҚО-да 600 млн теңгеге жөнделген көпір құлап қалды

2 қыркүйек, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзінен

Өскеменде Шнайдар көпірі опырылды. Бұған дейін оның қайта жөндеу жұмыстарына 600 млн теңге бөлінген болатын, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қала әкімі Алмат Ақыжанов төтенше жағдайды қатты жауын-шашын мен өзен деңгейінің көтерілуімен түсіндірді. Оның айтуынша, көпір алдағы айларда қалпына келтіріледі.

Әкімнің сөзіне сенсек, жөндеу жүргізген мердігерлер кепілдік міндеттемелері аясында зардаптарды жоюға тиіс. Жағдайды бағалау үшін Алматыдан мамандар шақырылды. Қалпына келтіру жұмыстары 2–3 ай ішінде аяқталмақ.
 

Тэгтер:

Өскемен қаржы көпір жөндеу жұмыстары