Тісін көзіне салған: 75 жастағы әйелдің көзі қайта көріп, сұмдық жаңалықтың бетін ашты

2 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Ұлыбритания тұрғыны, көру қабілетінен айрылған 75 жастағы Гейл Лейн ерекше операцияның арқасында қайтадан көре бастады. Бұл туралы Arasha.kz тілшісі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйел он жыл бұрын көздің линзасына зақым келтірген аутоиммунды аурудың салдарынан көру мүмкіндігін жоғалтқан. Дәрігерлер оған остеоодонтокератопротездеу (OOKP) атты күрделі екі кезеңді ота жасауды ұсынған.

Лейннің айтуынша, алдымен оның тісін алып, одан жасанды қасаң қабық бекітілген штифт жасалған. Кейін бұл оптикалық құрылғы әйелдің бетінің ішкі жағына (щекасына) үш айға имплантацияланды. Дәрігерлер түсіндіргендей, осы уақыт аралығында жаңа қасаң қабықта дәнекер тіндер мен қан тамырлары қалыптасқан.

Нәтижесінде әйел қайтадан көру қабілетіне ие болған.

Тэгтер:

Ұлыбритания Гейл Лейн