Президент Мәдениет орталығында қазақ тілін үйреніп жүрген балалармен сөйлесті

2 қыркүйек, 2025 / Arasha.kz
Фото: ашық дереккөзден алынды

Қытай оқушылары домбырамен белгілі қазақ, қытай әуендерінен попурри орындады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сонымен қатар мәртебелі меймандар Бейжің балаларына арналған киіз басудан шеберлік сабағын тамашалады. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа кітапхана, қазақ тілі, музыка және шығармашылық кабинеттері таныстырылды. Көрме залына Қазақстанның ежелгі сақ дәуірінен бастап XX ғасырдың бас кезіне дейінгі тарихынан сыр шертетін экспонаттар мен артефактілер қойылған.

Экспозиция археологияға, зергерлік бұйымдарға, қару-жарақ жасау өнеріне, ұлт аспаптарына және этнографияға арналған бес бөлімнен тұрады. Орталықтың кітапхана қорында қазақ, қытай, ағылшын және орыс тілдеріндегі мыңға жуық кітап бар. 

Тэгтер:

балалар тоқаев президент