Қазақстанда Украина жері Ресейдікі болып салынған глобустар сатылып жатыр

2 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Arasha.kz коллажы

Журналист Халима Тәжіқұл Facebook-парақшасында Abdi дүкенінде сатылып жатқан глобустар Қазақстанның ресми ұстанымына қайшы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Мына глобустар Қазақстан ұстанымына қайшы! Біз Донецк, Луганск, Севастопольді (Қырымды) әлі де Украина мемлекетінің аумағы деп санаймыз. Олай болса, мынадай глобусты сату қаншалық заңды?!" – деп жазды ол.

Бұл жайт тек бір дүкенмен шектелмейді. TikTok қолданушысы Данияр Күленбаев та Астанадағы Abdi дүкендерінің бірінде Қырымды Ресей аумағы ретінде көрсеткен глобустардың сатылып жатқанын хабарлаған.

Айта кетейік, биыл ақпан айында Abdi дүкендер желісінде дәл осындай жағдайға байланысты шу шыққан. Ол кезде компания Ресейде жасалған глобустарды сатылымнан алып тастағанын ресми түрде мәлімдеген болатын.

Қазақстан тарапы Украинаның оккупацияланған аумақтарын Ресей жері ретінде мойындамайды.

Тэгтер:

украина Владимир Зеленский глобус