"Аллам панасына алсын": Мереке Қалбаева қаралы хабарды естіртті (ВИДЕО)

2 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде блогер Мереке Қалбаева топтас құрбысы Мөлдірдің өмірден өткенін хабарлап, көпшілікпен қаралы жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол Instagram-дағы ресми парақшасында марқұмды еске алып, оқырмандарынан дұғада болуды сұрады.

"Дұғаларыңызға қосыңыздаршы. Группаласым Мөлдір... Өмірде өте көп қиыншылық көрді... Сынақтан сынақ. Аллам панасына алғай. Осы инстаграмға салғанда өте көп жандар көріп, тілеуін тілеп отыратын еді. Алла разы болсын сіздерге", – деп жазды Мереке Қалбаева.

Тэгтер:

блогер қайғылы жағдай Мереке Қалбаева