3 қыркүйекте қаржы аналитигі Андрей Чеботарев «Threads» әлеуметтік желісінде өте эмоциялық жазба жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Мен түсіндім. Астана – көзге шұқып тұрса да көрмейтін, кез келген жағдайда бос емес бұрылысқа баса көктеп ентелейтін далб... қаласы. Осындайлардың бәрі қашан өледі екен?», - деп жазды ол.
Әлеуметтік желілерде бұл жазба үлкен резонанс тудырғаннан кейін Чеботарев оны өшірді, бірақ пайдаланушылар скриншот жасап үлгерген. Жазба астындағы пікірлердің бірінде қолданушы: «Адам тек ақымақ болғаны үшін өлімге лайық емес» деп жазды. Бұған Чеботарев: «Лайық. Мысалы, қатерлі ісіктен» деп жауап берген.
Осы дерекке байланысты полиция тексеріс бастады.
«Аталған факт бойынша полиция қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр. Оның нәтижелері бойынша азаматтың айтқан сөздеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады полиция.
Кейін Чеботарев пікір беруден бас тартып, кешірім сұраған жазба жариялады. Ол өзін «келесі ақпараттық шабуылдың құрбаны» деп атады.
«Менің сөздеріме ренжігендердің бәрінен шын жүректен және терең кешірім сұраймын. Астанадағы жүргізу мәдениеті мені қатты таңғалдырды», – деп жазды ол.