Қаралы хабар: Қазаққа танымал бокс чемпионы қайтыс болды (ФОТО)

3 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Аустралияда ауыр салмақтағы белгілі боксшы, Еуропа чемпионы Джо Багнер дүниеден өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Аңыз спортшы 75 жасында қарттар үйінде қайтыс болды. Оның өліміне қатысты нақты себеп әзірге жарияланған жоқ.

Джо Багнер бокс тарихында ең алдымен 1973 және 1975 жылдары Мұхаммед Әлимен өткізген жекпе-жектерімен есте қалған. Екі кездесуде де ол рингте толық 15 раунд төтеп беріп, ұпай санымен жеңіліп қалғанымен, әлемнің ең мықтысы саналатын қарсыласына лайықты қарсылық көрсетті. Кейінірек ол Еуропа чемпионы атанып, ауыр салмақтағы барлық уақыттың үздік он боксшысының қатарына кірді.

1976 жылы кәсіби мансабын аяқтаған соң, Багнер кино саласына бет бұрды. Оның фильмографиясында «Оны бульдозер деп атайтын», «Дельта үйі», «Қауіпті байланыс», Жан-Клод Ван Дамммен бірге түскен «Көше жауынгері», сондай-ақ «Жердің орталығына саяхат» сияқты туындылар бар.

Тэгтер:

бокс қайғылы жағдай Джо Багнер