Тіркеуі жоқ қазақстандықтарға зейнетақы мен жәрдемақы төленбеуі мүмкін

4 қыркүйек, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: development

Еңбек министрлігі ондаған мың қазақстандыққа әсер етуі ықтимал түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жобаға сәйкес, елде тұрақты тіркеуі жоқ, сондай-ақ шетелден ықтиярхат алған азаматтарға төлемдер тағайындалмайды.

 Қазір 100 мыңнан астам адам тіркеусіз-ақ зейнетақы мен жәрдемақы алып отыр. Бұдан бөлек, мемлекет толық қамтамасыз ететіндерге – әлеуметтік мекемелер мен колониялардағыларға төленетін қаржыны қысқарту ұсынылып отыр.