Алматы облысында сот мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың жазасын жеңілдету туралы өтінішін қанағаттандырмады. Оның өтінішін бүгін қараған сот жазаның қалған бөлігін жеңіл түрге ауыстыруға рұқсат берген жоқ, деп хабарлайды Arasha.kz.
Еске салсақ, 2024 жылдың қазанында сот оған тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасын жүйелі түрде тәртіп бұзғаны үшін орташа қауіпсіздік колониясындағы нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырған болатын. Болат бірнеше рет түнгі уақытта мейрамханаларда, клубтарда және басқа да орындарда жүргені тіркелген.
Ол өз жазасын жеңілдетуді сұрап, түзелгенін мәлімдеген.
«Бас тартудың себебі – Болаттың бұған дейін бірнеше рет бас бостандығын шектеу жазасын өтеу шарттарын бұзуы», – деп мәлімдеді сотта.