Қазақстан студенттік визаларды беру ережелерін қатаңдатпақ, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, мұндай шара жемқорлық тәуекелдерін азайту және студент кейпінде келетін мигранттардың кіруіне жол бермеу үшін қажет.
Оның айтуынша, қазір Еуропа мен АҚШ-та студенттік виза алу оңай емес, ал Қазақстан да осыған ұқсас жүйені енгізуді жоспарлап отыр. Бұған басқа елдердегі тәжірибе себеп болған: либералды жағдайлардан кейін шетелдіктер мұндай визаларды жаппай жұмыс істеу немесе транзиттік мақсатта рәсімдей бастаған. Мәселен, Бангладештен келгендердің көбі оқу үшін емес, жұмыс істеу үшін келген, ал Ауғанстаннан келгендер визаны Еуропаға шығу үшін пайдаланған.
Министрдің айтуынша, тиісті ережелер Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігі және ҰҚК-мен бірлесіп әзірленіп жатыр. Мақсат – визалық режимді әрі қолайлы, әрі қауіпсіз ету.