Алматыдағы сауда үйінде никаб, паранжамен кіруге тыйым салынған белгі пайда болды

4 қыркүйек, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ZTB news

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығына келушілерге қоғамдық орындарда бетті толық жабатын киім киюге тыйым салынатыны туралы ескертетін жапсырмалар пайда болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мәселе никаб, паранжа және балаклава туралы болып отыр. Ал хиджаб пен орамал бұл тыйымға жатпайды, себебі олар тұлғаны тануға кедергі жасамайды, деп жазды ZTB news телеграм арнасы.

Еске салсақ, маусым айында президент Тоқаев қоғамдық орындарда тұлғаны анықтауға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салатын заңға қол қойған болатын.
 

Тэгтер:

алматы тыйым никаб Паранжа сауда үйі