Террористік қылмыс жасаған 12 азамат сотталды – ҰҚК

5 қыркүйек, 2025 / Қайсар Қалам
сурет: ҰҚК

2025 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының 12 азаматы террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

ҰҚК-нің хабарлауынша, олардың 11-і терроризм идеясын насихаттап, зорлық-зомбылықты ақтап және діни араздыққа шақырған, ал тағы 1-і лаңкестік ұйымға қосылу үшін шетелге шығуға дайындалған.

«Олардың барлығы сот шешімімен кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлады ҰҚК.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
 

Тэгтер:

сот ҰҚК терроризм экстремизм