"Туа беремін, Алла бұйырса...": Ерке Есмахан жақында қызды болатынын айтты (ФОТО)

5 қыркүйек, 2025 / Arasha.kz
instagram.com/erke_esmahan. Суретте: Ерке Есмахан

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі оқырмандарының сұрағына жауап беріп, көп ұзамай сәбилі болатынын жасырмады, деп Arasha.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Желіде ашық сөйлескен өнер иесі тағы да қызды болғысы келетінін жеткізді.

"Екі ұлдан кейін Құдайдан қыз сұрап жүрміз. Алла бұйыртқанын туа беремін. Ең бастысы – дені сау болса болды. Исламок ембейді. Ол енді жігіт қой, қарындасына жол берді", – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары жұлдызды жұптың отбасында жуырда қуанышты жаңалық болады деп болжады.

Тэгтер:

қыз Ерке Есмахан