Алматыдағы «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде 1000-ға жуық құқық бұзушылық анықталды

5 қыркүйек, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Алматы қаласы прокуратурасының бастамасымен екі ай ішінде өкілетті органдармен бірлесіп қоғамдық тәртіпті бірнеше рет бұзған «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде кешенді рейдтік іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды Arasha.kz.
 
Жұмыс барысында меншік иелерінің жұмыс орны, байланыс деректері, тіркелген қарудың болуы, түрлі құқық бұзушылықтар үшін жауаптылыққа тарту фактілері туралы сауалнамалық мәліметтері, сондай-ақ тұрғын үйді жалға беру туралы ақпаратты қамтитын әрбір пәтер бойынша деректер базасы қалыптастырылды.
 
Тексеру 1000-ға жуық бұзушылықты анықтауға мүмкіндік берді, олардың ішінде:

• көші-қон заңнамасын бұзудың 120 фактісі;

• қоғамдық тәртіпті бұзудың 98 фактісі;

• заңсыз жалға алудың 114 факті;

• жыныстық қызмет көрсету үшін пайдаланылған 22 пәтер;

• жол қозғалысы ережелерін бұзудың 567фактісі;

• алкоголь өнімін заңсыз сатудың 7 фактісі.
 
Прокуратура, полиция және мемлекеттік органдардың ауқымды жұмысы, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті жақсартуға және мегаполис тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
 

Тэгтер:

қоғам құқық Манхэттен