Сүйінші, ағайын! Қазақ балалары халықаралық Олимпиадада топ жарды

5 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ortcom.kz

Болгарияның Шумен қаласында өткен IX Еуропалық жасөспірімдер информатика олимпиадасы (EJOI-2025) өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы бұл сында айтарлықтай жетістікке қол жеткізіп, қатысқан төрт оқушысының бәрі де жүлделі орыннан көрінді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олимпиадаға 24 мемлекеттен 100-ден астам жас бағдарламашы қатысқан. Барлығы 52 медаль сарапқа салынды.

Қазақстандық команда қоржынына бір күміс пен үш қола жүлде салды. Күміс медаль иегері – Құрмет Әбілмансұр, Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы. Қола медаль иегерлері: Шаймерден Нұрәлі (Көкшетау қ. «Білім-Инновация» лицейі, 9-сынып), Юсупов Саят (Өскемен қ. «Білім-Инновация» лицейі, 9-сынып) және Мұғжан Дінмұхаммед (Көкшетау қ. «Білім-Инновация» лицейі, 9-сынып).

Оқушыларды жарысқа тәжірибелі жаттықтырушылар дайындады: Әлімжан Аманов – PhD, Қазақ-Британ техникалық университетінің ассистент-профессоры, сондай-ақ республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы, спорттық бағдарламалау чемпионы Батыр Сардарбеков.

Тэгтер:

олимпиада информатика