Трамп Қорғаныс министрлігін Соғыс министрлігі деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды

6 қыркүйек, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: Kevin Dietsch/Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде өткен салтанатты рәсімде Қорғаныс министрлігін ресми түрде Соғыс министрлігі деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол бұл шешімді «АҚШ-тың ұстанымын өзгертуге бағытталған тарихи қадам» деп атап, «бұл жеңіске ұмтылысты білдіреді» деді.

Сонымен қатар, Трамп келесі жылы Майами қаласында «Үлкен жиырмалық» (G20) саммиті өтетінін мәлімдеді. Іс-шара АҚШ-тың 250 жылдығына орайластырылмақ.

Бұл өзгеріс АҚШ-тың әскери саясатындағы риториканы күшейтіп, елдің жаһандық қауіпсіздік пен халықаралық қатынастардағы бағытына әсер етуі мүмкін деген пікірлер айтылуда.

Тэгтер:

Трамп Соғыс министрлігі Қол қойды