СҚО-да екі полиция көлігі бір-бірімен соқтығысты. Құрбан болғандар бар

6 қыркүйек, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: HALYQSTAN телеграм арнасынан

Бүгін Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға қарасты Шақпақ ауылы маңында Есіл – Чистополье бағытындағы облыстық маңызы бар автожолда жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Halyqstan телеграм арнасының мәлімдеуінше, жолда екі полиция көлігі бір-бірімен соқтығысқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, бірін 31 жастағы учаскелік инспектор жүргізген. Ол қызметтік Chevrolet Cobalt автокөлігін тізгіндеген.

Екінші көлікті — қызметтік Toyota Camry-ді — 27 жастағы әріптесі, тағы бір учаскелік инспектор айдаған.

Екеуі де рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне шығып кеткен. Жарақаттарының салдарынан полицейлер оқиға орнында көз жұмды.

Апаттың нақты себебі тергеу барысында анықталмақ. 
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 32 адам қаза тапқан.
 

Тэгтер:

полиция СҚО көлік жол апаты