Төрехан Сабырхан әлем чемпионатын ірі жеңіспен бастады

6 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Ливерпульде өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Arasha.kz.

70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сабырхан 1/8 финалға жолдама алып, алжирлік Юсуф Яишті тізе бүктірді.

Үш раундқа созылған айқаста төрешілердің шешімімен (3:1) жеңімпаз болып танылды. Соңғы раундта қазақстандық спортшы қарсыласынан айқын басымдық көрсетіп, екі рет нокдаунға жіберіп, жеңісті түпкілікті өз пайдасына шешті.

Келесі айналымда Сабырхан Нидерланд өкілі Роберт Боспен күш сынасады. Айта кетсек, ол бұған дейін үнді боксшысы Хитешті сенсациялық түрде жеңген болатын. Кездесу 8 қыркүйекте өтеді.