Алматы облысының Талғар қаласында белгісіз біреу ер адамды атып, кішкентай қызды ұрлап кеткен, деп хабарлайды Arasha.kz.
Полиция мәліметінше, адам өлтіру және бала ұрлау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша күдікті бұған дейін қыздың анасымен жақын қарым-қатынаста болған. Араларында жанжал туындап, сол сәтте күдікті жәбірленушінің ағасын мылтықпен атып жіберген. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.
– Қылмыс жасағаннан кейін күдікті кәмелетке толмаған баланы ұрлап, қашып кеткен. Күдіктінің жеке басы мен орналасқан жері анықталды, – деп хабарлады департамент.
Кәмелетке толмаған қызды босату бойынша арнайы жасақ операция жүргізді. Күдікті ұсталды.