Талибтер әйелдерді үйінді астынан шығарудан бас тартты

7 қыркүйек, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: Sayed Hassib / Reuters

1 қыркүйекке қараған түні Ауғанстанда болған жер сілкінісінен кейін көптеген құтқарушылар ер адамдарға көмек көрсеткенімен, әйелдерге көмектеспеген, деп хабарлайды Arasha.kz.

The New York Times жазуынша, туыстық қатысы жоқ ерлер мен әйелдер арасындағы байланысқа тыйым салынуының салдарынан көптеген әйелдерге медициналық көмек көрсетілмей қалған, ал кейбірі қиратушы жер сілкінісінен кейінгі үйінді астында қалып қойған.

Басылым атап өткендей, биліктегі «Талибан» қозғалысы қатаң сақтайтын ауған мәдени нормалары төтенше жағдайларда да туыстығы жоқ ер мен әйелдің физикалық байланысына тыйым салады.

Зардап шеккен аймақтарда әйел-құтқарушыларға ер адамдарға көмектесуге рұқсат етілмейді. Ал әйел өзімен туыстығы жоқ әйелдерді үйінді астынан шығара алады, деп жазады NYT.

Мәселен, Кунар провинциясының Андарлуккак ауылында жедел әрекет ету тобы жараланған ер адамдар мен балаларды алып шығып, жараларын таңған. Алайда қансырап жатқан кейбір жасөспірім қыздар мен әйелдер шетке ығыстырылғанын зардап шеккендердің бірі әңгімелеп берді.
 

Тэгтер:

Ауғанстан әйел құтқару жер сілкінісі үйінді