6 қыркүйек күні Атырауда Таумыша Жұмағалиева көшесіндегі құрылыс алаңында жергілікті тұрғын суицид жасауға әрекеттенді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Куәгерлердің айтуынша, әйел 5-қабаттан секірген. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келіп, зардап шегушіні Атырау облыстық ауруханасына жеткізді. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр, деп жазды АқЖайық басылымы.
Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу басталған:
– Аталған дерек бойынша өзін-өзі өлтіруге жеткізу бабымен сотқа дейінгі тергеу тіркелді, – деп мәлімдеді полиция.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.