Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Ресейдегі ақпарат құралдарының біріне берген сұхбатында Украинадағы соғыс туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қадыровтың айтуынша, бейбітшілік тек Украина Ресей Федерациясының құрамына толық енген жағдайда ғана мүмкін болады. Ол өзін қақтығысты тоқтатуды қолдайтындардың қатарына қоспайтынын ашық жеткізді.
"Қазіргі жағдайда ұрыс қимылдарын тоқтатуды құптамаймын. Бұл Ресей үшін тиімсіз деп санаймын. Біздің шекарадағы тыныштық тек Украина Ресейдің аймағы болған кезде ғана қамтамасыз етіледі", – деді Қадыров.