Түркістан облысы, Шардара қаласының тұрғыны туған әкесіне қатыгездікпен зәбір көрсеткен, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бейшара қарияның қандай азапты бастан кешкенін елестету де қорқынышты. Ол тек ұлынан ғана емес, келінінен де үнемі таяқ жеп, қорлық көрген.
Желіде көрші әйел түсірген сұмдық видео тарап кетті, алайда әйел полицияға жүгінбеген.
Ол түсірген бейнематериалды тек әбден қорланып, азаппен көз жұмған ақсақалдың өлімінен кейін ғана жариялаған.
Түркістан облысы Полиция департаменті әкесін аяусыз ұрған ер адам қамауға алынғанын хабарлады.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етілмейді», - деп хабарлады облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.
Кейбір басылымдар әкесіне қорлық көрсеткен ұл жергілікті мешіттердің бірінде қызмет етіп, азан оқитынын жазуда.