Найзағай және қатты жел күтіледі: 9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

8 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда алдағы сейсенбі күні, 9 қыркүйекте, ауа райы құбылып, қолайсыз жағдайлар орын алады деп күтілуде. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары хабарлады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Синоптиктердің айтуынша, елдің батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз өтпек. Ал басқа өңірлерде циклон мен оған байланысты атмосфералық фронтальды жүйелердің әсерінен түрлі табиғи құбылыстар байқалады.

"Қазақстанның басым аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік пен шығыста нөсер жауын күтіледі, кей жерлерде бұршақ жауады, қатты жел соғып, дауыл тұрады. Республика бойынша желдің күшеюі болжануда. Оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін. Ал түнгі және таңғы уақыттарда солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда тұман түседі", – деп мәлімдеді "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы ауа райы болжамы бүгін ауа райы бүгін 9 қыркүйек ауа райы 9 қыркүйек ауа райы болжамы 9 қыркүйек