Алматыда заманауи мәдениет орталық – «Целинныйдың» ашылуында ерекше қонақ бой көрсетті. Ол – бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ол бұл кешке құдасы, бизнесмен Қайрат Боранбаевты жеке өзі құттықтап келді. Бұл жоба оның есімімен бұрыннан байланысты, деп жазды Orda.kz.
«Целинныйда» жөндеу жұмыстары 2018 жылы басталғанымен, орталық ресми түрде тек жақында, 5 қыркүйекте ашылды. Бұған пандемия мен кәсіпкердің қамауға алынуы да әсер еткен.
Қазір орталықта көрмелер өтіп жатыр. Ал желтоқсаннан бастап кино көрсетілімдерін іске қосу жоспарланған.
Айта кетейік, Қайрат Боранбаев – Дариға Назарбаеваның құдасы. Оның қызы Әлимa марқұм Айсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шыққан болатын. Айсұлтан 2020 жылы өмірден өтті.