Непалда халық наразылыққа шықты

Бүгін, 15:28 / Қайсар Қалам
Фото — The Kathmandu Post

Непалда  танымал платформаларға тыйым салынғаннан кейін халық көшеге шықты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Шектеу 4 қыркүйекте енгізілген еді, себебі платформалар Байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігінде міндетті тіркеуден өтпеген. Тыйым Facebook, YouTube және басқа да алаңдарды қамтыды.

Наразылар сонымен қатар елдегі жемқорлықты жоюды талап етті. Мыңдаған непалдықтар көшеге шықты. Полиция оқ атты, соның салдарынан 19 адам қаза тапты (кеше 14 адамның қаза болғаны хабарланған еді).

«Z буынының демонстрациясы» кезінде 100-ден астам адам жарақат алды, олардың кейбірі ауруханада қайтыс болды.

Нәтижесінде Непал билігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге қойылған тыйымды алып тастады. Бұл туралы беделді әлемдік БАҚ (Reuters, AFP) және жергілікті жаңалық порталдары жазды.

Reuters агенттігінің дерегінше, елдің премьер-министрі Харда Прасад Шарма Оли жаппай акциялардан кейін отставкаға кетті. Бірақ халықтың ашуы басылған жоқ, наразылық жалғасуда.

Тағы да атап өтейік: танымал алаңдарға тыйым салу салдарынан 19 жас наразышы қаза тапты.