Алматы облысында жергілікті тұрғындар ұсталды, олардан қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласында ұрланған арнайы мылтық тәркіленді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ішкі істер министрлігі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан тәркілеу бойынша жұмыстарды жалғастырып жатқандарын мәлімдеді.
21 мыңнан астам азаматтық қару тексеріліп, онда 400-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 5 қыркүйекте Алматы облысында жергілікті тұрғындар ұсталды, олардан қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласында ұрланған арнайы мылтық тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жандос Батырбеков.
Сондай-ақ 1 қыркүйектен бастап елімізде республикалық "Учаске" жедел алдын-алу іс-шарасы өткізіліп жатқаны айтылды.
Тексеріс барысында заңсыз айналымнан 50-ге жуық қару, сонымен қатар 500-ден астам оқ-дәрі және 6 жарылғыш зат алынған. Қару жасырылған 12 қойма анықталып, "қаңтар" оқиғасы кезінде ұрланған 6 дана қару және полицияның арнайы жабдықтары тәркіленген. Оның біреуі Калашников автоматы, бір тапанша, екі ойық мылтық және екі тегіс ұнғылы қару, сонымен қатар қызметтік бронежилеттер мен каскалар бар; азаматтар тарапынан 15 қару өз еркімен тапсырылды.