Еуропалық одақ алғаш рет Ресейге тауар жеткізуге байланысты Қазақстанға қарсы санкция енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
Материалда айтылғандай, ЕО Қазақстанға қатысты өздерінің «санкцияларды айналып өтумен күрес құралы» атты тетігін алғаш рет қолдану мүмкіндігін зерттеуде.
Бұл республикаға белгілі бір жабдық түрлерін импорттауға тыйым салынуы мүмкін екенін білдіреді. Өйткені ЕО-ның сауда деректеріне сәйкес, ол жабдықтар әлі де айтарлықтай көлемде Ресейге қайта жөнелтіліп, қару-жарақ өндірісінде пайдаланылып отыр.
Bloomberg атап өткендей, бұл тетікті қолдану ауқымды дәлелдерді қажет етеді және кез келген ЕО санкциялары секілді мүше мемлекеттердің қолдауын талап етеді.