Жаңа тарау! Сүйінші! Димаш Құдайберген көптен күткен қуанышын жария етті

Бүгін, 12:10 / Arasha.kz
instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қыркүйек айында Қазақстанда Қытай мен Қазақстан бірлесіп жүзеге асыратын ірі халықаралық музыкалық жобаның түсірілімдері басталады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Продюсерлік міндетті әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген атқарады. Жобаға әлемнің әр түкпірінен дарынды вокалистер қатысып, Қазақстанның көрікті өңірлерін аралайды. Түсірілім жұмыстары 8-29 қыркүйек аралығында Түркістан, Алматы, Ақтау және Астана қалаларында өтеді.

Бағдарлама халықаралық телеарналар арқылы әлем жұртшылығына ұсынылып, миллиондаған көрермен Қазақстанның әсем табиғатын және жаңа орындаушылардың өнерін тамашалау мүмкіндігіне ие болады.

"Шамамен он жыл бұрын Hunan TV арнасындағы "Мен – әншімін" жобасы арқылы үлкен сахнаға қадам бастым. Бүгін мүлде жаңа қырдан – халықаралық шоу авторы ретінде қайта оралып отырмын. Бұл бастама мәдени ынтымақтастықты нығайтып, адамдарды музыка арқылы біріктіруге арналған тарихтағы жаңа парақ болмақ", – деп атап өтті Димаш Құдайберген.

Тэгтер:

Димаш Құдайберген