Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ведомствоның Оңтүстік Кореямен келісімге қол қоюды «кешіктіргенін» мойындады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Мәселе, қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Employment Permit System (EPS) бағдарламасы бойынша келісім жөнінде болып отыр. Құжатқа өткен жылы қол қойылуы тиіс еді.
– Біз бұл келісімге қол қоюды кешіктірдік, бірақ бұған бірнеше түсініктеме, себеп бар. Біріншіден, Кореядағы толқулар — президенттің ауысуы, еңбек министрінің ауысуы және тағы басқа. Қазір, негізінен, біз мәреге жақындадық. Жыл соңына дейін бұл келісімге қол қойылады деген үмітімізді үзбейміз, – деді министр бүгінгі баспасөз мәслихатында.