Қазақстанда бір миллионнан астам адам айына 85 мың теңгеден артық табыс таппайды

Бүгін, 13:52 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

Бұл туралы бүгін Мәжілісте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, 1,1 миллион адамның 790 мыңы ең төменгі жалақы – 85 мың теңге алады, ал тағы 329 мыңы одан да аз табады.

Сонымен бірге, «Amanat» партиясының дерегінше, елімізде шамамен 1,8 миллион қазақстандық ең төменгі жалақы алады.

Министрдің сөзінше, кейбір жұмыс берушілер «минималды жалақыны» тек ресми түрде көрсетіп, қалғанын салықтан жалтару үшін «конвертпен» төлейді. Қазір Еңбек министрлігі бұл мәселені шешу үшін заңнамаға өзгерістер дайындап жатыр.
 

Тэгтер:

министр жалақы еңбек