ШҚО-да шетелдіктер қымбат металдарды заңсыз өндірген

Бүгін, 09:43 / Қайсар Қалам
Сурет: Polisia.kz

ШҚО-да қымбат металдарды заңсыз өндіргені үшін 19 шетелдік азамат ұсталды,  деп хабарлайды Arasha.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полиция заң тәртібіне ғана емес, аймақ экологиясына да қатер төндірген қылмыстық әрекеттің жолын кесті. “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактісін анықтады.

Облыстың бір ауданында 19 шетелдік азамат пен Өскемен қаласының 2 тұрғыны ұсталған. Қымбат металлдарды өндіруге арналған экскаваторлар, бульдозер, ұсатқыш қондырғылар және басқа да жабдықтар, сондай-ақ құрамында алтын мен басқа да бағалы компоненттердің белгілері бар металл бұйымдары тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында құқыққа қарсы әрекетке қатысы бар болуы мүмкін 20-дан астам адам тексерілуде. Дәлелдер жиналып, қажетті сараптамалар тағайындалды, істің барлық мән-жайын анықтау шаралары қабылдануда.
 

Тэгтер:

ШҚО полиция шетел азаматы қымбат метеллдар