Белгілі қоғам қайраткері әрі Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров отырыс барысында анасына жасаған құттықтауына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл жағдайға қатысты бейнежазбаны Tizgin.kz парақшасы таратқан.
"Ананың алдында ешқандай регламент жоқ. Бәріміз ананы жақсы көреміз. Бүгін менің анашымның туған күні, 70 жасқа толып жатыр. Сол үшін құттықтағанды жөн көрдім. Егер бүгінгі отырыс болмағанда анамның жанында болар едім. Анашымды мәжіліс төрінен құттықтап, ерекше қуаныш сыйлағым келді. Оны Ерлан Жақанұлы да қолдап, анашыма құттықтау жолдады. Бұл жерде ешқандай әбестік жоқ, барлығы құттықтап қол соқты", – деді депутат.
Сонымен бірге Ардақ Назаров ресми отырыс аяқталғаннан кейін де депутаттық сауалдан бөлек анасына тағы да ізгі тілегін білдіргенін атап өтті.