Қырғызстанда қазақстандық бизнесменге іздеу жарияланды

11 қыркүйек, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті «вор в законе» Камчыбек Асанбектің ұйымдасқан қылмыстық тобының қызметін қаржыландырды деген айыппен Қазақстан азаматы Камалутдин Халиковқа іздеу жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қырғыз арнайы қызметінің дерегінше, Камалутдин Халиковтың құрылыс саласында активтері бар. Бұған дейін ол Қазақстан аумағында қылмыстық топ ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, сондай-ақ Қырғызстаннан Қазақстанға тауарды заңсыз тасымалдаумен айналысқан.

«Тергеу анықтағандай, Камалутдин Халиков Камчыбек Асанбектің қылмыстық әрекеттерін, оның кісі өлтіру, адам ұрлау және қылмыстық қауымдастық ұйымдастырғаны үшін бірнеше рет сотталғанын біле тұра, онымен байланыс орнатып, Қырғызстанда бірлескен бизнес-жобаларды жүзеге асыру үшін қамқорлық алуға тырысқан. Камалутдин Халиков Камчыбек Асанбекпен Ыстықкөл облысындағы “Барс” демалыс орнында бірнеше рет кездескен», – деп мәлімдеді Қырғызстан ҰҚМК.
 

Тэгтер:

Қырғызстан іздеу қазақ кәсіпкері Камалутдин Халиков