Байқоңырдан жаңартылған «Прогресс» жүк кемесі ұшырылды

Бүгін, 10:28 / Қайсар Қалам
Сурет: РКК «Энергия

«Союз-2.1а» зымыраны Астана уақытымен 20:54-те ұшырылды. Бортына екі жарым тонна жүк тиелген: 870 кг отын, 420 литр су, 50 кг ауа, сондай-ақ жабдықтар, дәрі-дәрмек, киім және азық-түлік, деп хабарлайды Arasha.kz.

Азық-түліктің ішінде 17 кг жаңа өнім бар — грейпфрут, сарымсақ, консервілер, сусындар, тұздықтар және екі түрлі кетчуп. Сонымен қатар Халықаралық ғарыш станциясына жаңа «Орлан-МКС» №7 скафандры жіберілді. Ол жетілдірілген салқындату және микроклиматты бақылау жүйелерімен, ақпарат дисплейімен және тозуға төзімділігімен ерекшеленеді.

Жасаушылар оны «шағын ғарыш кемесіне» теңейді. Скафандр жеті сағатқа дейін автономды жұмыс істей алады, ашық ғарышқа 15–20 мәрте шығуға төтеп береді және орбитада алты жылға дейін қызмет етуге қабілетті.

Бұл — биылғы үшінші «Прогресс» ұшырылымы және Байқоңырдан бесінші старт. Ұшу екі тәуліктік траектория бойынша жүзеге асып жатыр. МКС-пен түйісу 50 сағаттан кейін күтіледі.
 

Тэгтер:

зымыран Байқоңыр Прогресс