Жұма күні, 12 қыркүйекте алты қазақстандық боксшы Англияның Ливерпуль қаласында өтетін World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем чемпионатында рингке шығады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Олардың төртеуі жартылай финалдық жекпе-жектерін өткізсе, екеуі әлі жартылай финалға шығуға талпынады. Қазақстандықтардың қатысуымен өтетін жекпе-жектердің тікелей трансляциясы «Qazsport» арнасынан көрсетіледі.
Жекпе-жек кестесі төменде берілген (басталу уақыты — Қазақстан уақыты бойынша):
Күндізгі сессия, басталуы 16:00-де
16:00, Ринг А. Әйелдер, 48 кг, ширек финал — Назым Қызайбай — Анна Охота (Украина)
17:15, Ринг А. Ерлер, 50 кг, ширек финал — Санжар Ташкенбай — Джадумани Сингх Манденгбам (Үндістан)
19:00, Ринг А. Әйелдер, 60 кг, жартылай финал — Виктория Графеева — Ребека Де Лима Сантос (Бразилия)
Кешкі сессия, басталуы 22:00-де
22:30, Ринг А. Әйелдер, 65 кг, жартылай финал — Аида Әбікеева — Грэйни Мэри Уолш (Ирландия)
23:15, Ринг А. Әйелдер, 80+ кг, жартылай финал — Елдана Тәліпова — Агата Качмарска (Польша)
01:15, Ринг А. Ерлер, 90+ кг, жартылай финал — Айбек Оралбай — Хулио Сесар Ла Крус (Куба).