Әкесін өлімші етіп сабаған түркістандық 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Бүгін, 12:45 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Түркістан облысы ПД Шардара ауданы полиция бөлімінде «Жәбірленушінің өліміне әкелген қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Одан кейін күдіктілердің қатарына оның әйелі де ілікті. Бейнежазбаларға қарағанда, ол да қауқарсыз қайын атасын азаптауға қатысқан. Әйелге қатысты «Адамдар тобы болып жасалған ұрып-соғу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша оған 100-ден 200 АЕК-ке дейін айыппұл не 50 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған.

– Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ қылмыстық процеске қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі, – деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. Сонымен бірге ведомство жәбірленушіден немесе өзге тұлғалардан полицияға осы фактілер бойынша ешқандай арыз-шағым түспегенін атап өтті.

Қарияны азаптап, соққыға жығып жатқан сәтті жасырын бейнежазбаға түсірген, бірақ полицияға хабарламаған көрші әйел де жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
 

Тэгтер:

полиция Түркістан әкесін сабады