Көрші республикада депутаттар Жогорку Кенештің өзін-өзі таратуы үшін қол жинай бастады, деп жазады 24.kg. Парламентті тарату туралы ұсыныс жақын арада жариялануы тиіс, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қырғызстан Конституциясына сәйкес, егер бастаманы кемінде 30 депутат көтеріп, оны кемінде 60 халық қалаулысы қолдаса, парламент өзін-өзі тарата алады.
Мерзімінен бұрын сайлау өткізу үшін тарағаннан кейін 40-тан 65 күнге дейінгі уақыт қарастырылған.
Дауыс беру қараша айында өтуі мүмкін. Азаматтар Жогорку Кенештің сегізінші шақырылымының депутаттарын сайлайды.
Жуырда Садыр Жапаров «Жаңа Қырғызстан» құру ниеті барын мәлімдеген еді. Ол әділ мемлекет қалыптастыруға бағытталған реформалар жайлы айтқан.