Нетаньяху: «Палестина мемлекеті болмайды»

Бүгін, 18:40 / Қайсар Қалам
Сурет: Ronen Zvulun / Reuters

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Маале-Адумим ауданындағы басып алынған Батыс жағалауда заңсыз еврей қоныстарын ауқымды түрде кеңейтуді көздейтін «E1» жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды, , деп хабарлайды Arasha.kz.

«Палестина мемлекеті болмайды. Бұл жер бізге тиесілі… Біз өз мұрамызды, жерімізді және қауіпсіздігімізді сақтап қаламыз», — деді Нетаньяху.

Жоба аясында мыңдаған жаңа үйлер, жолдар салынып, шамамен 1 млрд доллар көлемінде инфрақұрылымды жаңғырту көзделген.

«E1» жобасы Шығыс Иерусалимді Батыс жағалаудың қалған бөлігінен бөліп тастайды. Халықаралық қауымдастықтың пікірінше, бұл Палестина мемлекетінің құрылу мүмкіндігін қауіпке тігеді.
 

Тэгтер:

Палестина Ираиль Биньямин Нетаньяху