Айбек Оралбай екі дүркін Олимпиада чемпионын жеңді

Бүгін, 11:50 / Қайсар Қалам
Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалына өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазақстандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта екі дүркін Олимпиада чемпионы Хулио Сезар Ла Круспен (Куба) өзара мықтыны анықтады.

Айбек Оралбай алғашқы раундтан-ақ тізгінді қолына алды. Екінші және үшінші кезеңде басымдығын сақтап қалған жерлесіміз жеңіске жетті.

Осылайша, Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) әлем чемпионатының алдын жүлдесі үшін бақ сынайды.
 

Тэгтер:

бокс әлем чемпионаты Айбек Оралбай Хулио Сезар Ла Крус