Шырылдайды жүрегім: Тоқтар Серіков отбасындағы қайғылы хабарды естіртті (ФОТО)

Бүгін, 16:38 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Қазақстанның танымал әншісі Тоқтар Серіков өзінің Instagram парақшасында ауыр қазаны жеткізді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ол нағашысынан айырылған. Әнші парақшасында марқұмға арнап жүрекжарды жырын да жазды.

"Нар тұлғалы, жанашырым нағашым,
Жүрегімде анам үшін дарасың,
Сенде кеттің, бұл өмірден қош айтып.
Жас толтырып екі көздің, қарасың.

Айнымаған анашымнан жалғызым,
Шырылдайды көкірегімде жалғыз үн.
Кемесіне отырғызып келместің,
Боздап қалды жалғыз ұл мен бар қызың", – деп жазды Тоқтар Серіков.

Тэгтер:

Тоқтар Серіков