Трамптың көзі байланды: АҚШ президенті саяси сахнадағы рөлін ауыстырды

Бүгін, 19:52 / Ахмет Қанатұлы
Win McNamee/Getty Images

Еуропалық көшбасшылар АҚШ президенті Дональд Трампты Ресейдің Украинадағы соғысты тоқтатуға ниетті еместігіне және оны келіссөздерге мәжбүрлеу қажеттігіне сендірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Politico-ның хабарлауынша, бұл ақпаратпен таныс дипломаттар мен шенеуніктер мәселенің егжей-тегжейін баяндаған. Соңғы күндері Атланттың екі жағындағы жоғары лауазымды тұлғалар Ресей мұнайы мен газының жеткізілімін шектеу, сондай-ақ жаңа қаржылық санкциялар енгізу жөнінде қызу келіссөздер жүргізген.

Материалда айтылғандай, ықтимал шектеулерді талқылау үшін ЕО делегациясы Вашингтонға арнайы барған. Негізгі мақсаттар бойынша тараптар келісімге келгенімен, нақты шараларға қатысты келіспеушіліктер сақталып отыр. ЕО өкілдерінің сөзінше, еуропалық тарап АҚШ-пен "қызу пікірталасқа" дайын.

"Трамп ақыры бізбен бір жақта. Енді бастысы – екі түрлі көзқарасты үйлестіру", – деді еуропалық дипломаттардың бірі.

Қазіргі таңда Еуроодақ 19-шы санкциялар пакетін әзірлеуде. Дегенмен оның тиімді болуы үшін АҚШ-пен бірлескен әрекет қажет екені ерекше атап өтілді.

Ақпарат көздерінің айтуынша, Трамп әкімшілігі Мәскеудің соғысты жалғастыруына жол бермеу үшін кедендік тарифтер секілді сауда құралдарын қолдануға бейіл. Ал Брюссель Ресеймен әріптестік орнатқан компаниялар мен қаржы ұйымдарына қарсы санкцияларды кеңейтуді ұсынып отыр.

Fox News арнасына берген сұхбатында Трамп Украинадағы соғыстың тоқтамауын Зеленский мен Путиннің ұстанымдарының сәйкес келмеуімен байланыстырды. Ол Ресей президентіне қатысты сабыры таусылуға таяғанын айтып, Мәскеуге қатаң шара қолданатынын мәлімдеді.

Бұған дейін Трамп Еуропаны АҚШ-пен бірге Ресей мұнайын сатып алушыларға, соның ішінде Қытай мен Үндістанға, 100 пайыздық баж салығын енгізуге шақырған болатын.

Тэгтер:

президент Дональд Трамп еуропа