Бір түнде жол апатынан 15 адам қаза тапты

14 қыркүйек, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ҚазАвтоЖол

13 қыркүйектен 14 қыркүйекке қараған түні елде екі ауыр жол-көлік оқиғасы болып, алдын ала мәлімет бойынша 15 адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алғашқы апат Қарағанды облысында тіркелді: Ford Mondeo қарсы бетке шығып, Changan көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында 5 адам қаза тапты.

Екі сағаттан кейін Жетісу облысында, «Алматы – Өскемен» трассасында қайғылы жағдай болды. Nissan Cefiro көлігі Lada және Chevrolet Cobalt автокөліктеріне соғылған. Nissan жүргізушісі, сондай-ақ Lada жолаушысы қаза тапты, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Chevrolet көлігіндегі 8 адамның бәрі, оның ішінде бір бала көз жұмды.

11 қыркүйекте Алматы облысында да өліммен аяқталған ЖКО орын алған. Сол кезде автобус ішінде 34 оқушы болғанымен, олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Ал жеңіл көлік жүргізушісі мен оның жолаушысы қаза тапты.
 

Тэгтер:

жол апаты қаза 15 адам